Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы сәтті аяқталған болатын. Ол Қазақстан Президентінің халықаралық аренадағы жоғары беделінің және еліміздің бейбітшілік бастамалары, қағидаттары негізінде жүзеге асты. Жалпы, «Жусан» операциясы аясында елге 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала қайтарылған еді. Елге қайтарылған азаматтар 2012-2015 жылдар аралығында Астана, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарынан кеткен. Ал Қазақстанға оралған балалардың әкелері түгелге дерлік соғыс жағдайында опат болған. Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 ақпанында Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітіне жұма намазына келуші азаматтарға жалған жиһад ұғымының арбауына түсіп Сириядан қайтып келген азаматшаның бейнеролигі көрсетілді. Бұл бейнероликте: Кенжебаева Зухра атты азаматша өз баласын іздеуге отбасымен Сирияға барды. Баласы Ирак әскері
Hide player controls
Hide resume playing