Ассалаумағалейкум Қазақ елінің аңшылары мен балықшылары... ____________________________________________________________ Сазан – тұқы тұқымдасына жататын балық. Сазанның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы: Еуропа cазаны (Cyprinus carpio carpio) және Арал сазаны бар. Біріншісі – Жайық, Жем, Еділ өзендерінде, Шалқар мен Каспий теңіздерінің құяр жеріндегі өзендерде; ал екіншісі Арал теңізі, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің бойында тараған. Ересектерінің ұзындығы 40 – 45 (кейде 100) см-дей, салмағы 2,5 (ірілері 20) кг-дай болады. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (аналығының көлеміне қарай, ірілері – 1,5 млн-дай) 2 – 3 бөліп, тереңдігі 1,5 – 2 м-дегі өсімдіктерге, көбінесе тереңдігі 0,5 м-дегі жайылма судағы шөп үстіне шашады. Уылдырығы су температурасы – 16 – 22°С, тұздылығы 9,6% болса жақсы жетіледі. Сазандар қорек талғамайды. Шабағы алғашында зоопланктон және майда балдырлармен, кейін әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Соңғы жылдары өзен-көл, бөген суының тартылуына байланысты сазан саны күрт азайып кетті және тіршілік ортасы мен қорек құрамының нашарлауына байланысты сазандардың дене тұрқы да кішірейіп кетті. Мысалы, қазіргі кезде ергежейлі сазанды (ұзындығы 15 см, салмағы 70 г) кездестіруге болады. Сазанның еті дәмді, етінің майлылығы 4,1%, белогы 16,5%; кәсіптік маңызы өте үлкен. ____________________________________________________________ #сазан #карп #фиш #fish #carp #carpfishing #fishman #сазанаулау #балык #балыкаулау #балықаулау #рыбалка #балықшы #балыкчы #shortsvideo #kaiyrgali_ordabek #2024carp #shorts
Hide player controls
Hide resume playing