ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында тұратын 3-сынып оқушысы Байжігіт Ерболатқа 2021 жылы Түркия Президенті арнаулы сыйлық жіберген болатын. Хакім Абайдың өлеңін жатқа оқып, эстафетаны Режеп Тайып Ердоғанға жолдаған баланың үйіне былтыр Түркия елшілігінен қонақ та келген. Байжігіт бауырлас елдегі соңғы жағдайларды естігенде қатты күйзелгенін айтады. Жуырда аудандық мәдениет үйінде М. Мақатаевқа арналған кешке қатысқаны үшін алған ақшалай сыйлығын Түркия жұртына көмек ретінде жіберіпті.
Hide player controls
Hide resume playing