Әскери борышын өтеуге сап-сау кеткен Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны 19 жастағы Ринат Жеткергенов үйіне есінен адасқан күйде оралыпты. Қазір тіпті ата-анасын танымайтындай хәлге түскен жігіт кейде өзінің не айтып отырғанын да білмей қалады. Ал Ринаттың ата-анасы балалары әскери шенділердің қорлығынан кейін өте ауыр жағдайға түскенін айтады. Сөздерінше, сол жақтағы қызметкерлер сарбазды казармада аяусыз ұрып-соғып, әбден қинап, басына зақым келтірген. Үш күн бұрын ғана әскери борышын өтеп келген Ринат Жеткергенов үйіне осындай хәлде оралыпты. Содан бері жақындарына маза бермей, өзімен-өзі мүліктерді қиратып, үйдің астан-кестеңін шығарады екен. Тіпті ұлын тынышталдырмақ болған әкесіне де бірнеше рет қол көтеріпті. Жігіт жақындарын танымайды да. Онымен қоймай әр нәрсені сандырақтап, сөйлей береді дейді туыстары. Ринат Жеткергенов отан алдындағы борышын өтеген Ақтау қаласындағы 25/744 теңіз әскери флотындағылар балаларыңыз сәл ауырыңқырап тұр, күтіп алыңыздар деп ескерткен дейді жігіттің туыстары. Бірақ
Hide player controls
Hide resume playing