Былтыр экология министрлігі жүргізген мониторинг Қазақстанның сегіз қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары екенін анықтаған. Ауасы ең лас деп танылғандар – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш және Өскемен қалалары. Биыл көктемде Атырауда ауаның ластану деңгейі шегіне жетті. Қаланы түтін басып, мектепте оқу тоқтады. Бүгін, 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай атыраулық тілшіміз Айнұр Сапаровадан «Атыраудың ауасы неге лас?» деп сұрадық. Бізге жазылыңыздар: Facebook: Instagram: Youtube: азаттык Twitter: Tiktok: @ Telegram:
Hide player controls
Hide resume playing