Туризм саласында кәсіптік стандарттарды дайындауға арналған дөңгелек үстелдің қатысушысы Нина Филиппова жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы жайлы пікірімен бөлісті. Оның көзқарасынша, кәсіптік стандарттарды дайындаудағы басты идея – жоғарғы оқу орындарын бітіргеннен соң бүкіл еңбек функцияларын атқару үшін барлық дағдылары мен білімдері бар мамандармен нарықты қамтамасыз ету. Білім беру қазіргі еңбек нарығындағы жағдайға көмектесуі тиіс, ал жұмыс берушілерде жас мамандарды қайта оқытуға деген қажеттілік туындамауы тиіс деп атап өтті сарапшы. «Бізде дуалдық білім беру дамып, оның аясында нарықтың талаптары ескеріліп, мамандар сол талаптарға сай дайындалатын болады деп үмітенемін», - деді Нина Филиппова.
Hide player controls
Hide resume playing