Маусымның 23-і күні Астана, Алматы мен Шымкентте полиция көшеге шыққан ондаған адамды ұстады. Ешқандай талап қоймай, қолында плакат я басқадай заттар болмаған адамдарды полиция елде тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы“ қозғалысы митингілер өтеді деп белгілеген жерлерде ұстап, көлікке күштеп салып алып кетті. Ұсталғандардың кейбіріне әкімшілік хаттама толтырып, сенбінің кешінде сотқа тартты.
Hide player controls
Hide resume playing