Достар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бірнеше айдан бері бірден 450 000 теңгеге дейінгі соманы қабылдайтын АДМ-терминалдар жұмыс істеуде. Енді, сіз депозитті толықтыру немесе несиені өтеу кезінде қомақты соманы құйғыңыз келсе, онда кассаға барудың еш қажеті жоқ. Бұл операцияны АДМ-терминалы арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін экранның бас мәзірінен қажетті қызмет түрін таңдаңыз және өзіңіздің ЖСН нөміріңізді (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізіңіз. Немесе құрылғы штрих-кодты анықтауы үшін, жеке куәлігіңізді сканерге жақындатыңыз. Содан кейін, қабылдағышқа қағаз ақшаларды дестелеп салыңыз. Қағаз ақшалардың құны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол маңызды емес. Қабылдағышқа ақшаны бір салған кезде тек 100 банкнотты қоюға болады. АДМ-терминалын қалай пайдалану керектігі туралы білгіңіз келсе, біздің роликті көріңіздер және төлемдеріңізді оңай әрі жылдам жасаңыздар!
Hide player controls
Hide resume playing