15 ақпан - Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күні. Осыған орай бүгін мектебімізде АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ұйымдастырылды. Тәлімі мен тәрбиесі мол кездесуге ұласқан шарада ерлігімен ел есінде қалған ардагерлер өскелең жас ұрпаққа бейбіт заманның қадірін ұғынуға, ел келешегі үшін еңбек етуге шақырды. Бүгін де Тәуелсіз Қазақ мемлекетінде өмір сүрсе де, өткенінен хабардар жас ұрпақ ауған ардагерлерінің ерлігіне тағзым етті.
Hide player controls
Hide resume playing