Жедел басқару орталығы – қалалық полицияның жүрегі. Мұндағы жұмыс таңғы 8-ден басталады. Күн сайын кезекшілікке 7 қызметкер шығады. Полиция мамандары «102» пультіне түскен тұрғындардың шағымдарын қабылдап, қылмыстар мен құқықбұзушылықтар бойынша жедел патрульдік жасақтарын жібереді. Тәулігіне орталыққа 350-ге жуық азамат хабарласса, оның 100-ден астамына жедел әрекет ету полиция топтары жөнелтіледі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 8 айдың ішінде полицияға 25 мыңнан астам адам қоңырау шалды. Дені отбасыдағы ұрыс-керістер пен жол көлік оқиғаларына қатысты өтініштерін түсірді. Орталықтан полицейлер көшелерде орналасқан 410 камераның көмегімен қаланың күйбең-тіршілігін бақылап, түрлі заңбұзушылақтарды анықтайды. Айта кету керек, жыл басынан бері бұл бейнебақылау қондырғылардың көмегімен 69 қылмыстың беті ашылып, 10482 құқықбұзушылық анықталды.
Hide player controls
Hide resume playing