«Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба». Абай Құнанбайұлының әр өлеңі түбі жоқ теңіз. Еңбектерін оқып, жүрек дәптеріне тоқыған жан рухани азық алады, өмірге өзгеше көзқараспен қарайды. Бұл - “Кемеңгерліктің биік шыңы - Абай“ атты әдеби-сазды кеште сөз алған жерлестеріміздің пікірі. Облыстық кітапханада өткен шараға еңбек ардагерлері, ақын-жазушылар, журналистер мен оқырмандар қатысты.
Hide player controls
Hide resume playing