Елімізде төтенше жағдай режимінің уақыты ұзартылды. 15 сәуірге дейін белгіленген режим Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы айдың соңына дейін созылады. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пәрмен берді. Президентің сөзінше, еліміз коронавируспен ауырудың шарықтау шегінен әлі өткен жоқ. Сондықтан, індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созылады. «Мұның оңтайлы шешім еместігін және елдің қалыпты өмірге асығатынын түсінемін» деген Мемлекет басшысы, оқшаулаудан басқа жол жоқтығын атап көрсетті. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы екен. ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing