Бақұл бол, бөкеннің жанашыры! Еске сала кетейік, 13 қаңтарда табиғат қорғаушылары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык жолай атылған 5 киікті табады. Із кесіп, мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Toyota Land Cruiser» маркалы екі көліктің соңына түсіп, көліктердің бірін қуып жеткен. Осы кезде ұсталғандар бағынбай, күш көрсеткен. 53 жасында қапияда қаза болған Ерлан Нұрғалиев - Ақмола облысының тумасы. 7 жылдан бері Қарағанды тірек пунктінде Орталық аймақтық филиалдың инспекторы қызметін атқарды. Кезінде учаскелік полицей де болған. Әріптестері мен достарының айтуынша, ол кәсібіне адал азамат еді.
Hide player controls
Hide resume playing