Сәуірдің 1-і мен 5-і аралығында облыста «Қауіпсіз аула» акциясы өтті. Оған 2 мыңнан астам полиция қызметкері қатысты. Учаскелік, патрульдік, ювеналды полиция қызметкерлері мен күзет қызметінің мамандары үй-үйді аралап, қылмыстардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы - 15 мыңнан астам үйді аралап, 18 мыңнан аса кездесу өткізді. Велосипед ұрлығына ерекше екпін берілді.
Hide player controls
Hide resume playing