6 жыл көлемінде фельдшер болып жұмыс істейтін Құндыз Қаңтарбекова мемлекет тарапынан үй ала-алмай жүр. 2011 жылы Медицина колледжін бітірген жас маман Қарқаралы ауданына «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа келген. Алайда, Қарқаралыға келгенде «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен емес, кезекті маман ретінде алып қалған. Ал, бүгінгі күні Құндыз 8 айлық баласымен жатақханада тұрып жатыр. Құндыздың анасы Бұқар жырау ауданының тұрғыны Гүлден Қонысбаева 4 баланың анасы. Жарынан ерте айрылған жалғыз басты ана, «үй мәселесі бас қайғыма айналды»,-дейді. Оның айтуынша, баласы Құндыз Серікжанқызы осыдан алты жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Қарқаралы ауданына жұмысқа барған. Бастапқыда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде үймен қамтамсыз етеміз» деген әкімшілік тарапы артынша «Қарқаралы ауыл емес қала деп жалтарды» дейді ана. Бүгінгі таңда, Құндыз Қаңтарбекованың 8 айлық құндақтағы баласы бар. Қарақаралы ауданындағы жатақханалардың бірінде тұрып жатқанына әжептеуір уақыт болған
Hide player controls
Hide resume playing