2014 жылы Астана мен Сеул бір айлық визасыз режим ашты: қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға емін-еркін бара алатын болды. Кеткен адамдар бір айы өтсе де, сонда қалып, жұмыс істеді. Ол кезде, яғни 2014-те Кореяда заңсыз жүрген қазақ еңбек мигранттарының саны 360 болса, қазір 10 мыңға жуық. Оңтүстік Кореяға барғандар қара жұмыс істеп, күніне 30-60 мың арасында тауып жүрсе, елде дәл осындай соманы айына алатындар бар. Кореяға кеткен қазақстандықтар не істеп, қалай ақша табады, елге қайтам деген ойлары бар ма?
Hide player controls
Hide resume playing