ҚР Премьер-Министрі өзінің Instagram парақшасында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін ресми таныстырылымынан видео жариялады. Видеода Премьер-Министрдің 2012 жылы Парижде Халықаралық көрмелер бюросының өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінен үзінді келтірілген. «Жеңіс жолында. Астанада ЭКСПO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін Қазақстанның ресми таныстырылымы. Париж, 12 маусым 2012 жыл», – деп жазылған видео жазбасында. Айта кеткен жөн, ЭКСПО-2017 – бұл келесі жылы Астанада өтетін мамандандырылған халықаралық көрме. Көрме тақырыбы - «Болашақ энергиясы». Қазіргі таңда 94 ел көрмеге қатысатынын ресми растап, тағы 56 ел көрмеге қатысатыны туралы шартқа қол қойды. Сарапшылар арнайы күндері 100 мыңға жуық қонақ келеді деп болжауда. Естеріңізге салсақ, 10 маусымда электронды билеттер сатыла бастады. 10 шілдеге дейін оларды арнайы жеңілдікпен сатып алу мүмкін болды, ал қазір олардың құны 6 мың теңгеден басталады. Бұдан өзге, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, жетім ба
Hide player controls
Hide resume playing