Көлдей шалқып жас өмір, Тасып жатқан шағында Кемерінен шалықтап, Асып шатқан шағында Ойын ойнап, ән салмай Өсер бала болар ма Күміс күлкі көрмей ол Кемеліне толар ма. Айгөлек ау айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Айгөлек деп ән шырқа Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет Асыл сөздің ұстасы- Ақын болар ұрпақпыз Өнер, білім, еңбекке, Жақын болар ұрпақпыз Он саусағы майысқан Шебер болар ұрпақпыз, Тұла бойы толған бір Өнер болар ұрпақпыз.
Hide player controls
Hide resume playing