Қызылорда облысы Қазалы ауданында көп балалы батыр ана далада түнеп жүр. «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген үйдің қабырғасы қақырап, іргесі сөгіліп әбден әбігерге салыпты. Баспана деген аты болмаса, төбеден аққан сумен қыстай алысқан көп балалы ана опырылып түссе қайтпекпін деп қауіптеніп, үйден бас тартып отыр.
Hide player controls
Hide resume playing