Бас прокуратуратура заңды сақтауға шақырады Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды. Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады. «ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде. Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару. Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған. Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес. Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытта
Hide player controls
Hide resume playing