Теңіз де өртенеді Мына видео жақында ғана теңіз түбінде түсірілген. Мұнда теңіз тереңіндегі әлемді дірілдеткен алапат жарылыстар мен аса қорқынышты дыбыстар орын алған. Осыған дейін ешкім, ешуақытта теңіздердің отқа оранып, лапылдап жанатыны жайлы ойланып та көрмеген болатын. Бұндай құбылысты кезіктіріп, зерттеуге енді ғана қолдары жеткен ғалымдар таңданыстарын жасыра алмай отыр. Алайда Құран үшін бұл – жаңалық емес еді. Алла Тағала «Тур» сүресінің 6-шы аятында: «Өртенген теңізбен ант етемін», - деген. Таңқаларлығы, Құранның бұл құбылысты 14 ғасыр бұрын айтып қоюы еді. Тағы бір жерде: «Теңіздер жарылған сәтте» - деп асқан дәлдікпен суреттейді. («Инфитар «сүресі, 3-ші аят). Сұрақ: адамдардың үйлері үңгірлер мен тастардан болған уақытта, яғни, 1400 жыл бұрын теңіз тұңғиығындағы жарылыстар мен өртенуші теңіз туралы ақпаратты Пайғамбар Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кім айтып берді?
Hide player controls
Hide resume playing