Жас өмірін, мәз өмірін қысқартып Бара жатыр , бара жатыр құс қайтып Зымырайды менің бала кезімдей Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей Құстар, құстар сызылтып ән салады Сол әнімен тербетеді далаңы Ал адамдар күліп бастап өмірін Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе? Тамаша әнмен келіп еді көктемде Өскен жерге сыймай кетіп барады Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады
Hide player controls
Hide resume playing