Myvideo

Guest

Login

Петропавлдаы мына кпір опырылып, ирайтын болса бкіл ала сусыз алады

Uploaded By: Myvideo
42 views
0
0 votes
0

Петропавл су қоймасындағы көпір апатты деп танылған. Бірақ соған қарамастан жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген өткелдегі қозғалыс әлі күнге дейін шектелмеген. Үстінен жеңіл көліктермен бірге жүк көліктері де ағылып жатыр. Ал тұрғындар бір күні көпір опырылып, астында қаламыз ба деп қорқады. Өткелдің қазіргі жағдайын тексерген мамандар, оның үстімен жүк көліктерінің жүруіне шұғыл түрді тыйым салмаса соңы қайғылы аяқталуы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Апат болған жағдайда тіпті Петропавл халқының сусыз қалу қаупі бар. Бұл Петропавлдағы жиырмасыншы шағын аудан мен Заречный ауылын жалғайтын көпірдің қазіргі сиқы. Су қоймасының тура үстінен өтетін өткел былтыр апатты деп танылған. Яғни, жарты ғасыр бұрын салынған көпірдің үстіңгі қабаты мен астындағы тіреуіштер әбден тозған. ДАНИЯР ҚАПЕНОВ, Петропавл қаласының тұрғыны: – Көпір қирап жатыр дейді. Әрине жүк көліктері көп жүреді содан. Олар көп груз артып алады. 40 тонна, 50 тонна. Конечно мына жол оған жарамайды. МАРИЯ ИРЛИЦА, Петропавл қаласының тұрғыны: – Көпірдің үсті шұрық-тесік. Айналып өтейін десең көпірге екі көлік әрең сияды. Меніңше жүк көліктері бұл жермен өтпеуі керек. Қазір мына жермен жүру қорқынышты. Өткел үстімен күніне мыңнан артық көлік қатынайды. Оның үштен бірі ауыр жүк көліктері екен. Ал соңғы уақытта дәл осы көпір үстінде жол көлік апаттары жиілеп кетті дейді тұрғындар. РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші: – Мамандар осы жерде күн сайын жүк көліктері соқтығысатынын айтады. Міне, күні кеше ғана жүк көлігі мына қоршауды бұзып өтіп, суға құлап түсе жаздаған. Ал менің артымдағы кранды бұзып өтсе, бүкіл су қоймасының жұмысы тоқтауы мүмкін. Су торабының жұмысына «Қазсушар» мекемесі жауапты. Мамандар тұрғындардың шағымынан кейін былтыр көпірдің жағдайын тексерген. Нәтижесінде бөгеттің үстімен ауыр жүк көліктеріне жүруге тыйым салу керек деген шешім шығарған. Алайда, екі аптадан бері басшысы жоқ облыс әкімдігінен бұл мәселеге қатысты ешкім жауап қатпады. ШҰҒАЙЫП ИБАТУЛЛИН, «ҚАЗСУШАР» РМК СҚО филиал директоры: – Егер қазір мынаның бәрі авария болса бәрі ағады да кетеді. Есіл тап-тақыр болып қалады. Булаев топтық су құбыры, қалалық су арнасы, Соколов су құбыры бірінші насосный станция бәрі тоқтайды. Бірінші біздің қала сусыз қалады. Ал су ресурстары министрлігі солтүстіктегі екі ірі су қоймасындағы автокөлік көпірлері апатты жағдайда дейді. ЕРЛАН ЕРМЕКОВ, ҚР СУ Ресурстары және ирригация министрлігі комитінің бөлім басшысы: – Үкіметтен күрделі жөндеуге қаражат бөлінеді. Оған дейін СҚО әкімдігіне жүк көліктеріне жүруді шектеу бойынша ұсыныс жібердік. Олар шектемесе Қазсушар мекемесі көпірді жабуға тура келеді. Мамандар автокөлік көпірі қашан жөнделетінін дөп басып айта алмайды. Сондықтан шектеу қоюдан басқа амал жоқ дейді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 @informburo31kanal Informburo kz @informburokz2022 Facebook - Instagram - Vkontakte - TikTok - @informburo31 Біздің сайт: және Біздің WhatsApp 7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later