Елорда полицейлері «Таза қала» ЖАІШ өткізуде. Нұр-сұлтан қаласының полицейлері санитарлық жағдайды жақсарту және көше-жол желілеріндегі тазалықты қамтамасыз ету мақсатында 25-30 сәуір аралығында кең масштабты «Таза қала» алдын алу іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шара жүк көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидасын бұзуына, яғни көлік құралдарын техникалық байқаудан уақтылы өткізбеуіне және техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға шығаруына бақылауды күшейтуге бағытталған. Осы орайда, 25-26 сәуір аралығында көлік құралдарын пайдалану қағидасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы) мемлекеттік нөмірлерін алып қою арқылы 359 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, 35 көлік құралы коммуналдық тұраққа орналастырылды. Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы (Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар) бойынша 10 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартты. Сонымен қатар инертті материалдарды және бето
Hide player controls
Hide resume playing