Балаларымыз онлайн оқуды қойып, мектепке барып білім алсын. Қазақстандық ата-аналар осылай деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке үндеу жасады. Оған қол қойған 4 мыңнан астам жан қашықтықтан білім алу балалардың психикасына зиян келтіріп, ақыл-ойының дамуын тежейді деген пікірде. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі - балалардың смартфон мен компьютерге телміріп ұзақ отыруы дене салмағының артуына және артық майдың түзілуіне алып келетінін көрсетіпті. Ал бұл өз кезегінде түрлі аурулар тудырады екен. Оның үстіне әлі толық сынақтан өтпеген онлайн оқу платформаларының жұмысы да жұртты әбден әуре-сарсаңға салып жатқан көрінеді. Көп кешікпей Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ата-аналардың наразылығына жауап қатты. Олар Бас санитардың бұйрығынсыз Қазақстан дәстүрлі оқу процесіне оралмайды деп отыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар
Hide player controls
Hide resume playing