Алматы қаласы, ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінде қаңтар айының 12-22 аралығында қазақ даласында тұңғыш білім қоңырауын соққан Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай “Арда“ ақындар үйірмесінің ұйымдастыруымен жас ақындар мүшайрасы болды. Өлеңдер 3 күн ішінде қаралып, қорытындысы “Таза бұлақ“ поэзия кеші түрінде жылы өткізілді. Іс бар жерде, мақтаулар да, даттаулар да болады. Біз ештеңеден қорықпаймыз:) Алғашқы кеш үшін бұл да бір жетістік. Шәкірттерім үшін қуаныштымын! Ескертпе: “Арда“ үйірмесінің негізін қалаушы - жақсы көретін, үлгі тұтатын ұстаздарымның бірі, айтыскер ақын Фархат Маратұлы, Назарбаев мектебіндегі ұстазының ізін жалғастырушы - Әйгерім Нұрғазықызы.
Hide player controls
Hide resume playing