Шындық деп біраз шырқадым, Ер қорғайды деп жұрт арын. Арыстан ағаларым-ай, Түлкінің салған бұлтаңын. Елді алдап әлі келеді, Берместің айтып сұлтауын. Тайқазанменен жесе де, Тоймай қойды ғой бұл қарын. Жүк көтерер жігіттер, Жұқартып алған ұлтанын. Ұлтымның саныр көбейтер, Қытайға кетті Ұлпаным. Жерімді басып барады, Уының шашып ұнтағын. Он үш миллиард тағыда, Қарыз ап келді Сұлтаным. Шүршіттерің кәзірден, Батырып жатыр шынтағын. Бай болғаныңмен не пайда, Құл болып өлсе ұрпағым. Аспанбек ШҰҒАТАЕВ
Hide player controls
Hide resume playing