«Қызыл аймақтағы» өңірлерде вакциналау жалғасып жатыр. Алматы облысына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентінен – он мың, ал екінші компонентінен үш жарым мыңы жеткізіледі. Вакцина салу басталғалы өңірдегі 11 900-дей адамның иммунитеті жасанды жолмен күшейтілген. Олардың сегіз жарым мыңнан астамы – медицина саласының мамандары. Қалғандары – мұғалімдер, студенттер, мемлекеттік мекеме мен күштік құрылымдардың қызметкерлері. Ал дәрінің екінші компоненті бес мыңға жуық тұрғынға салынды.
Hide player controls
Hide resume playing