Қырғыз азаматы былай дейді: «Менің уақытым аз, бізді қоршап алды. Бізден екі квартал төмендегілердің бәрін қиратты. Мен тірі қалмайтын сияқтымын. Мама, осы жерге келгенім үшін кешірім сұраймын. Олар бейкүнә балалар мен әйелдерді зорлап жатыр. Соғыс не үшін және кім үшін болып жатқанын түсінбеймін, бұйрықты кім беріп жатқаны белгісіз. Бұл біздің соғыс емес, менің соғысым емес. Мама, кешіріңізші мені», - дейді ол дауысы дірілдеп. Видео 7 маусым күні белгісіз жерде түсірілген. Қазір видеоны елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріп жатыр.
Hide player controls
Hide resume playing