Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқандарға оны растайтын құжаттарды жинау қажет емес енді. Бұл туралы бірер сағат бұрын ғана арнайы брифинг өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші енді тек қызметкерлерінің тізімін ғана ұсынады деді ол. Немесе олар жұмыс берушінің әрекетін күтпей-ақ өздері де өтініш бере алады. Әлеуметтік көмек алатындардың шеңбері кеңейетін болды. Осыған дейін шағын және орта бизнес субьектілерінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар яғни адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар, біріңғай жиынтық төлемді төлеушілер алады деп белгіленсе, енді оларға азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс табатындар мен карантин аумағында жұмыс істеп жүрген ірі бизнес субьектілерінің қызметкерлері қосылып отыр. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing