Бесінші қарашада еліміздің 45 ауданында аудан әкімі сайлауы өтеді. Аудан әкімін бұл жолы тікелей халық сайлайды. Бұл сайлау несімен ел есінде қалмақ? Әзірге “Болашақ“-пен білім алып, мемлекеттік қызметте сан жылдар істеген, білімді, сауатты жастардың үміткерліктен сүрінуімен ерекшеленіп тұрған жайы бар. Ұлытау ауданынан Марұғлан Ермағамбетов, Бейнеу ауданынан Бекзат Әзірханов, Созақ ауданынан Төлеген Әбдиевтерге пікір алаңын ұсындық. Әр кімнің өз сөзі өзінікі.
Hide player controls
Hide resume playing