Арнаға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi Соңғы 5 жылда интернет-алаяқтық 300 есе, қаржы пирамидасы 30 есе көбейген. Бұған еліміздегі білім сапасы, әлеуметтік жағдай, экономика, ең төмен күнкөріс деңгейі, халықтың бір күнде байып кетем деген аңғалдығы жол ашып тұрғандай. Иә, күйбең тіршіліктен қажығаннан қолды бір-ақ сілтеп, кемі бір танысы осындай жағдайды бастан өткергенді де ұмытып кетіп жатады. Билікке сенімі жоғалғаны соншалық, ақпаратты өзге дереккөздерден алуға ұмтылады. Оның ішінде аса білімі жоқ, ғылымды жоққа шығаратын кей блогерлер бар. Білімсіздік надандыққа, ал надандық жеккөрушілікке апарады. Мыңдаған адамның Астанада блогердің ұтыс ойнына жиналғаны, экс-депутататтың “балаларыңды орыс сыныбына бермеңдер, қарттар үйіне өткізіп жібереді” деген сөзі - осының бәрі елімізде білімсіздік асқынып кеткендігін көрсетеді. Бүгінгі шығарылымда қоғам дертіне айналған осы тақырыпты талқылаймыз.
Hide player controls
Hide resume playing