2016 жылғы 20 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың халыққа есеп беру кездесуінің барысында «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы өтті. Сандық қосымшаны таныстыру кезінде Е. Ыдырысов атап өткендей, жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-ші «қадамды» жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылады. «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген болатын.
Hide player controls
Hide resume playing