АҢЫЗ ӘЙЕЛ Биыл аты аңызға айналған күйші Дина Нұрпейісованың өмірге келгеніне 160 жыл толады. Осыған орай, NIS Атыраудағы кезекті шаңырақ сағаты күй анасының өмірі мен шығармашылығына арналды. 7 және 11 сынып оқушылары атақты күйшінің туындылары, өмір жолы, күй атасы Құрманғазы Сағырбаев және жыр алыбы Жамбыл Жабаевпен кездесулері, және сол кездесулердің Динаның өмірінде алатын орны туралы сөз қозғады. Дина Нұрпейісованың күйлері құрылымы мен мінезі жағынан өте күрделі келеді. Оның әр күйінің астында тарих жатыр. Көпшілікке танымал «Әсем қоңыр» күйін композитор сүйікті ұлы Қоңырға арнағаны белгілі. 7В сынып оқушысы Жеңіс Алмас аталмыш күйді домбырада күмбірлете ойнап, Дина Нұрпейісованың шығармашылығының бар күші мен әсемдігін паш етті.
Hide player controls
Hide resume playing