Мектебімізде дәстүрлі “ҮШ ҚАЙЫРЫМДЫ ІС“ жобасы өз мәресіне жетті. Оқушылар түрлі танымдық кітаптар мен ойыншықтарды жинақтап оларды облыстағы С. Қазыбаев атындағы балалар үйіне және Атырау облыстық балалар денсаулығын оңалту орталығына табыстады. Кішкентай бүлдіршіндерге концерттік бағдарламасын ұсынған атыраулық зияткерлер қамқорлық ұғымының іс жүзінде мәнін түсінді.
Hide player controls
Hide resume playing