Офшордағы құпияны әшкере етіп, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Пандора құжаттары (Pandora Papers) постсоветтік элитаның өз байлығын қалай жасыратынын көрсетті. Қаржы аралдарын қолданатындар қатарында Украина мен Әзербайжан президенттері де бар болып шықты. Зерттеу олардың офшорды пайдаланып, байлығын жасырғанын, салықтан жалтарғанын көрсетті. Файлдар құпия байлыққа Ресей президенті Владимир Путиннің де қатысы барын мәлім етті. Тағы бір құжат Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «тоқалы» деген әйелдің офшордағы компаниясы үшін 30 миллион доллар алғанын жария етті. Панама құжаттарын қолға түсіріп, оны өңдеумен айналысқан – Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ). Консорциумға кіретін 150 басылымның 600 журналисі қолға түскен 12 миллион файлды екі жыл бойы зерттеген. Аты аталған тұлғалар әзірге пікір білдіре қоймады.
Hide player controls
Hide resume playing