Ақтөбеде ішімдік ікен әйел төртінші қабаттан секірмек болды. Полиция оны құтқарып қалды. Ақтөбе қаласы Ш.Уәлиханов көшесіндегі үйдің 4-қабатынан әйел секірмек болды. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Конилкошев жедел жетті. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Саламат Елдесов және Нұрберген Ахетов барды. “Полиция жағдайды бағдарлап, үйдің терезесінің астына көрпе тартып, көндіре бастады. Бірақ ол 4-қабаттан секірді. Полиция мен көршілер жайған көрпе әйелді өлімнен аман алып қалды. 25 жастағы әйел жеңіл дене жарақатын алып, Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Hide player controls
Hide resume playing