Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі тек білімді емес сондай-ақ спортты өзіне серік еткен жастардың бас қосу алаңына айналды. Сөзіміге дәлел ретінде жуырда ұйымдастырылған достық спартакиадасын айтуға болады. Облыстағы дарынды балаларды тәрбиелеп отырған бірқатар білім беру мекемелері биыл алғаш рет Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған дәстүрлі спартакиадаға қатысты.
Hide player controls
Hide resume playing