Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 ақпанда болған.«Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде сағат 20:00 шамасында «Mitsubishi Galant» маркалы жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргіншінің жасы 63-те. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтпек болған. Жеңіл көлікті 1998 жылғы жүргізуші басқарған. Көлік қаққан жүргінші жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Hide player controls
Hide resume playing