Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. 3,9 млн. жеке тұлға табыс етеді деп жоспарлануда. Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) ұсынады. 6,4 млн. астам жеке тұлғаны қамту жоспарлануда. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлығы 13 млн. жуық адам кіруі тиіс.
Hide player controls
Hide resume playing