Кеше, 5 қыркүйек күні Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және SCAT авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов жаңа әуе көлікті хабын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ⠀ 2020 жылдың бірінші жартысында-ақ еліміздің үшінші мегаполисінде барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кең және заманауи әуежайы пайда болады. Жаңа терминал арқасында жолаушылар легі 800 мыңнан 3,5 млн. жолаушыға дейін артады. ⠀ Владимир Денисов атап өткендей: «Жаңа терминал, әуехаб оңтүстік-шығыс Азия мен Еуропа елдеріне транзиттік әлеует арқылы көлік торабын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, авиакомпанияда авиациялық-техникалық және оқу орталықтарын салу мүмкіндігі пайда болады, ол біздің ұшқыштарды ғана дайындамай, оған қоса студенттер үшін жақсы оқу базасына айналады». ⠀ Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, коммуникацияларды қайта жаңғырту, жол құрылысы мен вокзал алаңын салу бойынша барлық жұмыстар Шымкент қаласының әкімдігімен жүзеге асырылады. Жұмыстар қысқа мерзімде басталады. TVK
Hide player controls
Hide resume playing