Ресейге орала сала қамауға алынған Алексей Навальный мен командасының тағы бір зерттеу фильмі шықты. Бұл жолы олар Ресей президенті Владимир Путиннің Геленжик қаласындағы зәулім сарайы туралы айтады. Кремль зерттеуге жауап беріп те үлгерді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қара теңіз жағасындағы алып ғимарат «Путинге тиесілі» дегенді жоққа шығарды. Навальныйдың сөзінше, президент мүлкін жасыру ісіне қатысқандар арасында қазақтар да бар.
Hide player controls
Hide resume playing