Myvideo

Guest

Login

ТУРНИР ПО РОБОТОТЕХНИКЕ (материалы СМИ)

Uploaded By: Myvideo
421 view
0
0 votes
0

Облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робот техникасын құрастыру және оларды сынақтан өткізуден аймақтық турнир өтті. Биыл өңірде үшінші мәрте өтіп отырған құлтемірлер сайысына жалпы саны қырыққа жуық ұжым қатысты. Мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғары оқу орнының командалары арасындағы байқауға қатысушылар қолдан құрастырылған үздік роботтарды әкелген. Олар Бүкіләлемдік робототехника олимпиадасының ережесіне сәйкес бірнеше кезеңдерде бақ сынасты. Атап айтсақ: негізгі айналым, шығармашылық жұмыс, футбол, кегельринг-квадро, жүретін роботтар және сумо. Атап өту керек биыл робот құрастырудан жарысқа қатысушылардың саны едәуір артқан. Олардың арасындағы ең жас қатысушы небәрі төртте. Сайыс нәтижесінде үздік командалар маусым айында Астанада өтетін республикалық робототехника олимпиадасына жолдама алды.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later