Талдықорғанда 25 жастағы жігіт Қаратал өзеніне автокөлігімен ағып кеткен жүргізушіні құтқарып қалды. Қызылтас саяжайындағы аспалы көпір маңында рөлге ие бола алмай қалған жүргізуші көлігімен өзенге түсіп кетеді. Судың ағысымен төмен қарай құлдилаған темір тұлпар 100 метрдей ағып барып, әрең тоқтаған. Жүргізуші машинадан шығып, жағаға қарай малтамақ болған екен. Алайда, күші жетпей, бата бастайды. Сол сәтте, көмекке ұмтылған Ержан Баяхметов еш ойланбастан, бірден суға секірген. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing