Myvideo

Guest

Login

мір ай! Автор: Ершат айболдин, оыан: уат Ахметжанов

Uploaded By: Myvideo
6,207 views
0
0 votes
0

Арланып, намыстанып, айбарланғам, Не таптым тоқал үйге байланғаннан?! Өмір-ай, жоқшылықтан жалықтым мен, Байлар да жалықса ғой бай болғаннан. — Жалғыз-ақ шапаным бар, жыртық ол да… Жыртығымды жамасам құлпырам ба? Тиын-тебендерімнен теңге құрап, Қағаз ақша ұстайтын күн туар ма?! — Өмір-ай, сені бір сәт жақтырайын, Бере салсаң қайтеді бақты дайын?! Құрығанда басыма бөрік берші, Қуанғанда аспанға лақтырайын. — Өмір, сипамасаң да кекілімнен, Аулақпын күпір сөйлеп, лепіруден. Байлардай алшаң басып жүре берем, Қарызға сатып алған етігіммен. — Өмір-ай, менің сенде жұмысым не? Керек емес алтын да, күмісің де. Бай болмаған жақсы қой, ұйқым тыныш, Ұрылар түспейді үйге түн ішінде… —

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later