Myvideo

Guest

Login

азастандытар ызыл, жасыл, сары болып блінеміз

Uploaded By: Myvideo
50 views
0
0 votes
0

Қызыл, жасыл, сары. Жұрт бағдаршам кейпінде болмақ. Виртуалды. Әңгіме екпе салдырған не салдырмағандарға қатысты. Енді адамдардың дербес иммунды Кюар коды болады. Онда тұлғаның иммундық мәртебесіне қатысты барлық мәлімет жинақталады. Ол еговмобиль қосымшасы және Ашық деп аталған медициналық қосымшаларға жүктелмек. Екпе салдырдың ба, салғаннан кейінгі жай күйің, дене қызуы, қан қысымы, барлық мәлімет сонда шоғырланбақ. Ол қоғамдық ортада жүріп тұруың үшін маңызды. Еліміздегі өңірлер індеттің таралу деңгейі бойынша қауіптілігі жағынан қызыл жасыл, сары аймақ деп бөлініп жүр емес пе? QR-код та бір есептен сол сияқты. Бірақ бұл адамдардың көрсеткіші яғни қауіпсіздік төлқұжаты десек те болады. Қызыл түс болсаң қауіптісің, сары болсаң сақтанбақ керек, жасыл болсаң жүре бер. Бұл ноу хау емес. Әлемдік тәжірбие. Алғашқылардың бірі болып оңтүстік Корея қолданды. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later