Петропавлда үш жасар мүгедек қызын аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты сот үкім шығарды. 22 жастағы Екатерина Голешова 10 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ туа сала бас тартқан қызын сәбилер үйінен алып кетіп, үш жасына дейін баққан туыстары бұл үкім тым жеңіл дейді. Жаға ұстатарлық жағдай биыл қаңтарда болған. Материалдық қиындыққа тап болған келіншек қызының мүгедектігі бойынша жәрдемақысын алу үшін оны туыстарынан қайтарып алған. Алайда, бүлдіршінге қамқорлық көрсетудің орнына оны көк ала қойдай етіп сабап келген. Тергеу кезінде Голешованың қызын бір емес, бірнеше рет ұрып-соққаны белгілі болды. Ал, қайғылы оқиғаның алдында келіншек қызын төсектен ұрып құлатыпты. Бас ми жарақатын алып, қырық күн комада жатқан сәби сол күйі ес жимастан жан тапсырды. Бұл сұмдықтың барлығын прокурор сот кезінде жіпке тізіп айтып берді. ТАТЬЯНА ЗАХАРОВА, сотталушының жеңгесі: – Тым жеңіл жаза алды. Ондай қатыгездікке барған аналарды кемінде 20 жылдан бастап, өмір бойына дейін бас бостандығына
Hide player controls
Hide resume playing