Фейсбук, инстаграм, вконтакте болсын, жер туралы жазылған әр пікір, комментарийді билік оқып отыр. Және мұндағы ұсыныстар назарға алынады. Бүгін комиссияның алғашқы жұмыс қорытындысын жария етуге келген вице-премьер Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Олар реформа туралы айту үшін Астана мен Алматыға келудің қажеті жоқ деп отыр. Себебі, комиссиядағы 70-тен астам адам жарты айдан кейін жер-жерді аралап, түсіндіруге өздері шықпақ екен.
Hide player controls
Hide resume playing