Бұл тақырыпты талқыламас бұрын, әуелі, әлемде бұл ислами радикалды құрылымдар қалай пайда болды, екіншіден, бұл радикалды ұйымдар Қазақстан аумағына қалай еніп кетті, соны білуіміз қажет. Діни экстремизм – шын мәнінде, дерт, қоғамның діндарлығының артуындағы «эволюциялық кезең» емес, керісінше, шамадан тыс ауытқу. Экстремизм мен терроризм өз негізінде исламға мүлдем жат екенін білеміз. Мысалы, 1960 жылдарға дейін «ислами» терроризм мен экстремизм қайда болды деген орынды сұрақ туындайды. Тіпті, антиотарлауға бағытталған күрес кезеңдерінде де мұндай болған емес.
Hide player controls
Hide resume playing