42 500 теңгені төлеу ережесі тағы өзгертілді. Карантин кезінде табысын жоғалтқандар енді бұл көмекті электронды әмиянына ала алады. Ал, операторлар әмиянның шын мәнінде мұқтаж азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті. Бұл санатқа тек банктер ғана емес, сондай-ақ ақпаратты жинауды, өңдеуді және жеткізуді қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары да кіреді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осындай бұйрық шығарды. Оған сәйкес, жауапты орган мәліметтерді алғасын бір жұмыс күні ішінде электронды ақша жүйесінің операторына өтініш берушінің аты-жөнін, әмиянның сәйкестендіру кодын, ұялы телефон нөмірін, электрондық ақша жүйесі операторының атауын қамтитын деректерді жібереді. Бәрі талапқа сай болса төлем беріледі. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Hide player controls
Hide resume playing